Қош келдіңіз!

«Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі «ОБКА» КМК деп аталады) Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының балаларына білікті, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін көп бейінді емдеу-профилактикалық мекемесі болып табылады.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасының МИССИЯСЫ диагностика мен емдеу технологияларының заманауи әдістері негізінде медицина қызметкерінің Этикалық кодексіне сәйкес тиісті моральдық қасиеттері бар, балаларға жоғары мамандандырылған, мамандандырылған және білікті медициналық көмек көрсету, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын балалармен және олардың ата-аналарымен сенімді қарым-қатынас құру болып табылады.

Пайымдауы: дәлелді медицина мен ғылым жетістіктері негізінде инновациялық технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу жолымен жоғары мамандандырылған, мамандандырылған және білікті медициналық көмек көрсетуді кешенді жүзеге асыратын, халық үшін бәсекеге қабілетті қолжетімді клиника болу.

Жаңалықтар