«Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды қаласымен Қарағанды облысының балаларына білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу-профилактикалық мекемесі болып табылады.
Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 83 үй мекенжайында орналасқан.
Қазіргі уақытта «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК келесі бейіндер бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 470 төсектік стационарды қамтиды:
- Жалпы хирургия
- Нейрохирургия
- Урология
- Іріңді хирургия
- Торакальная хирургия
- Күйік
- Оториноларингология
- Анестезиология және реаниматология
- Педиатрия
- Неврология
- Эндокринология
- Токсикология
- Нефрология
- Гастроэнтерология
- Гематология
- Жалпы бейіндегі балаларды оңалту
Медициналық көмек барлық жастағы балаларға, соның ішінде жаңа туған нәрестелер мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге шұғыл және жоспарлы түрде көрсетіледі.
Сонымен қатар хирургиялық және педиатриялық бейіндегі 15 төсектік күндізгі стационар.
2016 жылдан бастап, КОБА базасында созылмалы бүйрек ауруы бар балаларға перитонеалді диализ жүргізіледі.
Жобалық қуаты бір ауысымда 300 адам қабылдайтын емхана қызметі бар.
Балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек келесі мамандықтар бойынша:
- Жалпы хирургия
- Урология
- Аллергология (Иммунология)
- Офтальмология
- Оториноларингология
- Педиатрия
- Неврология
- Эндокринология
- Нефрология
- Гастроэнтерология
- Гематология
Емханада көптеген жылдар бойы көзді қорғау кабинеті (ортоптикалық кабинет) жұмыс істейді, онда көз түбінің орталық және перифериялық бөлімдерін тексеру және суретке түсіру, рефрактометрия, көз ортасының микроскопиясы, көзілдірік линзаларының сыну күшін анықтау және диагностикалық және емдеу процедураларының басқа түрлері жүргізіледі.
Біздің клиникада тәулік бойы және күндізгі стационарлардан басқа параклиникалық қызметтер бар:
- Зертхана
- Рентгенкабинет
- Эндоскопиялық кабинет
- Функционалды диагностика (ЭКГ, РЭГ, ЭЭГ, нейросонография, ЭхоЭС, ЭхоКС, ЭЭГ бейнебақылау, барлық ағзаның УДЗ);
- Дәріхана,
- Патолого-анатомиялық қызмет,
- Әкімшілік-шаруашылық бөлігі.
Біздің ұйымның негізгі міндеттері болып табылады:
- Балаларға білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;
- Диагностика мен емдеудің халықаралық стандарттарын, медициналық қызметтерді басқару және сапа стандарттарын енгізу;
- Инновациялық технологияларды енгізу;
- Медициналық кадрлардың дипломнан кейінгі білімі.
Балаларға шұғыл және жоспарлы тәртіппен тәулік бойы және күндізгі стационарлар жағдайында көрсетілетін медициналық көмек ТЕГІН көрсетіледі.
БІЗДІҢ АУРУХАНАНЫҢ ЕСІКТЕРІ СІЗДЕР
ҮШІН ӘРҚАШАН АШЫҚ!