Заведующий хирургическим отделением

You need to add a widget, row, or prebuilt layout before you’ll see anything here. 🙂

・・・
Продолжаем знакомить вас с нашими докторами !!! ​Акмолдаев Ехлас Аманкельдиевич, 1971 жылы 17 қарашада дүниеге келген, ұлты — қазақ. Білімі – жоғары, КАрағанды мемлекеттік медицина институты,1996 жылы аяқтаған. Мамандығы: педиатрия. Дәрігер балалар хирургы. ОБКА балалар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі болып 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап (9жыл). Еңбек өтілі – 1997 жылдан , 21 жыл. «Балалар хирургиясы (неонатальды)» мамандығы бойынша жоғары дәрежелі хирург сертификаты (2014 жыл). 2012 жылы «Торакальды хирургия» мамандығы бойынша квафиликация шыңдау курсын 2013 жылы Ресей Денсаулық-әлеуметтік даму Министрлігінің Санкт-Петербург қаласындағы «МБББМ ЖКБ СБММУ И.М.Мечников» университетінде өтті. Құрсақ қуысы мүшелерінің патологиясы кезіндегі хирургиялық оталар техникасын меңгерген: құрсақ қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық аурулары, балалардың кеуде және құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты. Сонымен қоса жаңа туылған нәрестелердің туа біткен ақаулары кезіндегі хирургиялық оталар техникасын меңгерген: анаректальды даму ақаулары, тау біткен ішек өтімсіздігі, өңеш атрезиясы. 2007 жылы Израиль мемлекетінде балалар хирургиясы бойынша квалификациясын жоғарылатудан өтті. Аталған курсты аяқтаған соң енгізілген техникалар: жіті аппендицит кезіндегі алдыңғы құрсақ қабырғасыдағы хирургиялық миниену; перитонит, перитонитпен асқанған деструктивті аппендицит кезінде құрсақ қуысын дренирлеу жүйесі.
Жайылған және терең термиялық күйіктер кезінде «Биоптрон» аппаратымен жарық көмегімен емдеуді енгізді. 2002 жылы ҚР ДСМ халық денсаулық сақтау жүйесіне қосқан жеке үлкен үлесі үшін Алғыс хатпен мадақталды. 2010 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. Аурухананың қоғамдық жұмысына белсенді қатысады.